Акциялардың 49 проценттік үлесі 2,5 млн. долларға бағаланды.
"Қазақстан-Грузия бірлескен банкі мынадай бағыттағы іс-қызмет түрлеріне басымдық бермек: жеке бизнестің сыртқы сауда саласындағы іс-қызметінің сапасын арттыру мақсатында экспорттаушылар мен импорттаушыларды қаржыландыру; орта және ұзақ мерзімді жылжымайтын мүлік саудасын қаржыландыру үшін тұрғындар мен шағын бизнес субьектілеріне ипотекалық несие беру; Грузия экономикасының стратегиялық маңызды саласын дамыту үшін шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін қаржыландыру",- деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Тараптардың пайымдауынша, стратегиялық әріптестіктің басты мақсаты - Грузияда коммерциялық банкинг саласындағы қазіргі заманғы талаптар мен халықаралық стандарттарды қанағаттандыра алатын ірі әмбебап және саяси тәуелсіз қаржылық институтты дамыту болып табылады.
"Silk Road Bank" АҚ 1993-94-жылдары "Дисконт банктің" негізінде құрылған, қазір оны Silk Road Group компаниясы басқарады. Банк Тбилиси банкаралық валюта биржасының (7,7%) , қор биржасының (3,7%) және құнды қағаздардың орталық банкаралық депозитарийінің (12,5%) құрылтайшысы болып табылады. Банк бұған дейін сауда-саттық және жылжымайтын мүлік саласындағы ұсақ-түйек операцияларды қаржфландырып келген. Басты назар Каспий өңірі бойынша транспорттық іс-қызметке бағытталған.
Ал "ТұранӘлемБанкі" АҚ "Тұранбанк" коммерциялық акционерлік банкі мен "Аlem Bank Kazakhstan" акционерлік банкінің бірігуі нәтижесінде 1997-жылы құрылған. Бүгінде "ТұранӘлемБанкі" АҚ Қазақстан мен ТМД аясындағы аса ірі коммерциялық банк болып табылады. Ол ТМД шеңберіндегі жеке меншік банктердің арасынан 6 орын иемденеді. 2005-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен "ТұранӘлемБанкі" АҚ-ның активтері 5 млрд. долларды, жиынтық жеке капиталы 600 млн. долларды құрайды.
Банктің еліміз бойынша филиалдық желісі 22 филиал мен 191 есеп-касса бөлімшелерінен құралады. ТМД және Қытай елдерінде 10 өкілдігі бар.