"ТұранӘлемБанкі" АҚ-ның атқарушы директоры Жәмила Сәрсенбаеваның келісімге қол қою рәсімінен кейін берген түсініктемесіне сәйкес, "бұл банк пен мемлекеттік сақтандыру корпорациясы арасындағы алғашқы келісім-шарты. Ол бойынша тәуекелдердің 80 процентін мемлекеттік сақтандыру корпорациясы, 20 процентін ТұранӘлемБанкі бөлісе көтереді". Оның айтуынша, сауда-саттық туралы келісім-шартына "ТұранӘлемБанкі" АҚ мен ANOD Bank of Mongolia қол қойған.
"Таяу уақыттарда құны 2 млн. долларды құрайтын алғашқы мазут партиясы Монғолияға жөнелтіледі",- деді Ж.Сәрсенбаева.
Қазіргі таңда корпорация 4,4 млрд. доллардың 34 жобасын жүзеге асыруда. 2004-жылдың ақпан айынан бері корпорацияға 11,7 млрд. теңгенің экспорттық несиелері мен инвестициясын сақтандыру туралы 62 өтініш түскен. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, корпорация республиканың шикізатқа жатпайтын тауар түрлері экспортының 2005-жылы 2 процентін, 2006-жылдың аяғына дейін 3 процентін сақтандырмақ ниетте.
"Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ -ның басқармалары төрағасының орынбасары Ербол Жаманбаевтың айтуынша, "қазіргі жағдаймен корпоарция 2004-жылдың аяғына дейін республиканың шикізатқа жатпайтын тауар түрлері экспортының 1 процентін сақтандыру туралы алға қойған міндетті орындап шықты".