Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі ірі компанияларды жұмыс бағытына жатпайтын активтерді иемденіп, басты жұмыс бағытынан ауытқығаны үшін санаған болатын.
Сәдуақас Мәміштегінің айтуынша, кезінде ТұранӘлемБанкінің барлық еншілес компаниялары қолданыстағы заңдарға сәйкес жариялы түрде құрылған. Сонымен бірге ТұранӘлемБанкінің басшысы банк құрамындағы туристік және күзет фирмаларының іс-қызметін салыстырмалы түрде профильді деп санайды.
Оның пікірінше, шетелдік қаржылық институттар қосалқы бизнес жүргізу тәжірибесін кеңінен қолданады, сондықтан да ТұранӘлемБанкі Еуропалық жетекші банктердің жолымен жүріп келеді. Дегенмен С.Мәміштегі жұмыс бағытына жатпайтын активтерді сату банк үшін үлкен шығын емес екенін атап өтті. "Біз Елбасының алаңдаушылығын түсінеміз әрі оны құптаймыз. Егер тиісті заңдық шешім қабылданып жатса, ТұранӘлемБанкі профильден тысқары активтерді сатуға дайын",- деді ол.