Тұрақтандыру шараларының жоспарын жүзеге асыруға 2,2 триллион теңге жұмсалады - Мәсімов

"Жоспардың жүзеге асуы барысында еліміздің экономикасына мемлекет тарапынан 2,2 триллион теңге инвестиция салынады. Ол Қазақстанның Жалпы ішкі өнімінің 20 пайызға жуығын құрайды",- деді Кәрім Мәсімов.

"Жоспарды жүзеге асыруға мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық қордан 1,2 трлн. теңге немесе 10 млрд. АҚШ доллары бағытталды. Бұл қаржылар 2009-2011 жылдарға арналған үш жылдық бюджет аясында жоспарланған шығыстарға қосымша ретінде бөлініп отыр. Президент анықтап бергеніндей, ол бес бағытқа бағытталатын болады. Атап айтқанда, қаржы секторының орнықтылығын қамтамасыз етуге - 4 млрд. доллар (480 млрд. теңге), жылжымайтын мүлік рыногын тұрақтандыруға - 3 млрд. доллар (360 млрд. теңге), шағын және орта бизнесті қолдауға - 1 млрд. доллар (120 млрд. теңге), агроөнеркәсіп кешенін дамытуға - 1 млрд. доллар (120 млрд. теңге), серпінді инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды жүзеге асыруға - 1 млрд. доллар (120 млрд. теңге) бағытталатын болады", деді премьер-министр.

.