Тұрақты даму қазақстандық бренд бола алады және болуға тиіс - Назарбаев

«Тұрақты даму қазақстандық бренд бола алады және болуға тиіс, бізге тарихи мүмкіндік, экологиялық мәселелерге аса назар аудара отырып қазақстандық өнімдерді дүниежүзіне таныту мүмкіндігі беріліп отыр»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев. «Әлемдік нарықтағы біздің тауарлар мен өнімдерімізді сататын бағыт салалары осылай пайда болады»,- деп қосты ол.

«Шетелдік инвесторларды біздің аумақтағы экологиялық таза өндіріске өз қаржыларын сала отырып, өз саясаттарын осы бағыттағы ойластыруға шақырамын»,- деді мемлекет басшысы жиналысқа қатысушыларға қарап сөйлеген сөзінде.

«Біз сіздермен экономиканың қай саласында да ынтымақтастық жасасақ та, сіздер қазақстандық билік өкілдері тарапынан барлық қажетті қолдау табатындықтарыңызға сенімді болуларыңызды айтқым келіп отыр»,- деді президент.

«Біздің бүгінде конструктивтік диалог арқылы келешектегі өзара тиімді ынтымақтастығымыз үшін біздің бірлескен күш-жігеріміздің жоспарын белгілегенімізге өте қуаныштымын. Бүгінгі отырысты нәтижелі отырыс деп санаймын»,- деп қорытындылады Н. Назарбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті