Тұрақты даму жөніндегі үшінші әлемдік саммит 2012 жылы Астанада өтуі мүмкін

"Астанада 2010 жылы Азия және Тынық мұхиты елдерінің тұрақты дамуына арналған министрлік конференциясын өткізу туралы ұсынысымыз қабылданды. Сондай-ақ, 2011 жылы Солтүстік Америка, Еуропа, ТМД және Орталық Азия елдері бойынша аттас конференцияны өткізу жоспарлаған. БҰҰ Бас Ассамблеясында президент жаһандық энергетикалық -экологиялық стратегиясын дайындау жөнінде барлық мемлекеттерге ұсыныс жасап, оны 2012 жылы тұрақты дамуға арналған әлемдік саммитте талқылауды ұсынған болатын", - деді Н. Ысқақов.

Оның пікірінше, "Бұл Астанада 2012 жылы тұрақты дамуға арналған әлемдік үшінші саммитті өткізу туралы ұсынысты жасауға мүмкіндік береді".

ҚОҚМ басшысының пікірінше, әлемдік үшінші саммиттің Астанада өтуі "елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұдан бұрын жария еткен еуразиялық идеясына сәйкес, европа мен азиядағы процестердің тұрақты дамуының бірігуіне іс жүзінде септігін тигізеді ".

Н. Ысқақов атап өткеніндей, "сондай-ақ, БҰҰ жанынан тұрақты даму мәселесімен айналысатын штаб-пәтерді Астанада ашу туралы, сондай-ақ , Еуразиялық қоршаған орта процестері бойынша хатшылық ашу туралы ұсыныстар дайындалуда".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті