Тұратын жерде уақытша тіркелмесеңіз, айыппұл салынады - заңгер

Бұл туралы Жохар Өтебековтің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап, Caravan.kz тілшісі хабарлады.

"Уақытша тұратын орынға тіркелу міндеттелді. Бұл ережені сақтамаса, 7 айлық есептік көрсеткіш (16 000 теңгеге жуық) мөлшерінде айыппұл салынады. Егер сіз ел ішінде оқуға, ұзақ іссапарға, қонаққа, нәпақа табуға барсаңыз, 1 айда уақытша тіркеуге тұрып үлгеруіңіз керек" дейді заңгер.   

Әйтпесе, табан астында 16 000 теңгеден айырыласыз.