"Басты назар батыс мәдениет мен құндылықтардың теріс ықпалы мәселелеріне арналатын болады”, делінген дүйсенбіде ҚКХП баспасөз қызметінен таралған ақпаратта.
Т.Сыздықовтың пікірінше, ғаламдық компьютерлендіру және әсіресе батыстық электронды БАҚ қоғамдық сананы бұрмалап, адамдарды бір-бірінен алыстатады, бұл планетаның мәдени қабатының түбегейлі ыдырауына әкеп соғады.
Президенттікке кандидаттың сайлау алдындағы платформасында кинематографтың батыс стандарттарының теріс ықпал етуі мәселелері де көтерілген.
"Кинематографтың батыс стандарттары зорлық пен бұзақылыққа негізделген. Онда қара күш дәріптеледі, батыс кинематографы зорлық жасауға арандатады”, делінген онда.
Үміткердің ойынша, әдебиетте де осындай жағдай қалыптасып отыр, ол батыс мәдениетте жетекші рөлінен айырылып, кинематограф секілді зорлық-зомбылықты үгіттей бастаған.
Хабарламада атап өтілгендей, коммунист Т.Сыздықовтың сайлау алды бағдарламасында мазмұндалған қағидалар ғылыми коммунизмнің негізін қалаушы Карл Маркс пен Фридрих Энгельстің іліміне негізделген.
Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 26-сәуірге белгіленген.