"Мен бірнеше сұрақ бойынша мемлекет басшысына жүгіндім, ол мені қолдады, осыған байланысты мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының орындалуы үшін жауапты министрліктерге оның инфрақұрылымды дамыту мен жалға берілетін баспананы дамытуға қаржы тарату бөліміне өзгеріс енгізуді тапсырамын", - деді Кәрім Мәсімов.
Оның айтуынша, келесі жылдан бастап "бағдарлама аясында инфрақұрылымды дамыту мен жалға берілетін баспананы дамытуға баса назар аударылатын болады".