Полицияға түн жарымында қоңырау соққан ер адам хабарлаған мекен-жайға ІІД, ҰҚК қызметкерлері шұғыл жеткен. Көп қабатты үй оқшауланып, ондағы тұрғындар мен жақын маңдағы көңіл көтеру орындарының келушілері қауіпсіз жерге көшірілді. Тұрғын үйдің барлық қуыс-қолтығын тексеріп шыққан саперлер ешқандай жарылғыш затты таппаған. Ақыры бомба туралы жалған хабар берген 52 жастағы ер адам анықталып, қамауға алынды.
Оған қатысты ҚР ҚК 273-бабы (Біле тұра террористік акт жөнінде жалған хабар тарату) бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды http://www.24.kz/.