Бағдарламаның негізгі әзірлеушісі - индустрия және сауда министрлігінің ақпараты бойынша, аталған бағдарламаның негізгі мақсаты "қолда бар тұрғын үй қорын сақтап қалу және тиісті деңгейде пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ оларда тұратын адамдарға қауіпсіз және қолайлы жағдай туғызу" болып табылады.
Кеңеске қатысушылар пікірі бойынша, бағдарламаны іске асыру " тұрақты және ұзақ мерзімді тұрғын үй қатынастарын дамытуға, еліміз тұрғындарының баспана қамтамасыздығы жағдайын жақсартуға, сондай-ақ тұрғын үй қорының ахуалын бақылау мен басқару тиімділігін арттыруға" мүмкіндік береді.
Үкімет басшысы атқарылған жұмысқа оң баға бере отырып, Әділет министрлігіне 10 күн ішінде Тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту Бағдарламасының жобасына терең заңнамалық талдау жасауды тапсырды. Өйткені, оны іске асыру барысында азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келмеуге және олардың міндеттері қолданыстағы заңнамаға сәйкес келуі тиіс.