Тұрғындар Омбудсман институтына сенім арта бастады - адам құқығы жөніндегі өкіл

Сенімнің айғағы іспетті, алғашқы жарты жылда адам құқығы жөніндегі Ұлттық орталыққа 368 өтініш келіп түсіпті. Олардың басым көпшілігі, яғни, 16,8 проценті сот шешімімен келіспеушілікке байланысты. Ал құқық қорғау органдарының іс-әрекетіне наразылық білдіргендер 14,9% , зейнетақы және жәрдемақы көлеміне қанағаттанбайтындар саны өтініш білдірушілер арасында 8,4%-ті құраған. Шағымдардың қалған бөлігі атқарушы органнның іс-әркетіне және тұрғын үй тауқыметіне қатысты көрінеді.

Б.Байқадамов келтірген статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды тұрғындары өз құқықтарына қатысты артықша алаңдаушылық білдірсе, басқа аймақтар тұрғындары өз құқықтарын қорғау саласында айта қоярлықтай белсенділік танытпаған.
Республикамыздың 5 қаласында Омбудсман институтының іс-қызметін насихаттау мақсатымен өкілдіктер ашылған. Бұл жұмысты бейресми ұйымдар өз ықтиярымен атқаруда деп хабарлады Б.Байқадамов.
Сонымен бірге, адам құқығы жөніндегі толық құқылы өкілдің хабарлауынша, бүгін үкімет басшысының атына саяси нәубет құрбандарының құқығын қорғау жөнінде мәлімдеме жолданды. Оған себеп, қазіргі қолданыстағы заңның кейбір тармақтары олардың құқығын тежеп отыр.