Нақтырақ айтсақ, Тұрғынүй құрылыс жинақ банкінің Оңтүстік астанадағы бөлімшесінің жетікшісі Алмат Бөлегенов бастаған топ мына «Айгерім» деп аталатын жаңа үйді үлеске түсірген. Әрқайсысы элиталы аудандағы осы кешеннен қос-қостан пәтер алыпты. Бұл «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында үстіміздегі жылы қолданысқа берілген кешен. Осы шудан кейін басқарманың қос орынбасары - Мәулен Өтеғұлов пен Талғат Баилов та қызметтерінен шететіліпті. Ал Бөлегенов өз еркімен креслосын босатқан. Бірақ банктің баспасөз қызметі басшыларының кетуін былықпен емес, басқарма құрылтайшыларының ауысуымен байланысты дейді.
Нұрлан Жазылбеков, Мәжіліс депутаты:
- Банк ішіндегі заң бұзушылықты анықтап, хабарладық. Бас прокуратураға жаздық. Депутаттық сауал ретінде.