«Тұрғынүй құрылыс жинақ банкінің» төрайымы қызметінен алынды


Атап айтса, банктің Алматыдағы бөлімшесінің жетекшісі Алмат Бөлегенов бастаған сыбайластар халыққа үлестірілуі тиіс баспаналарды ағайын туысына бөліп берген. Мемлекеттік бағдарлама бойынша, элиталық ауданда тұрғызылған «Әйгерім» кешенінен олар қос-қостан пәтер алған. Осы шудан кейін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» төрайымының қос орынбасары қызметтерінен қуылған-ды. Банкирлердің былығы Ақордаға дейін жетіп, тіпті Елбасы заңсыз берілген үйлерді кері қайтарып, мұқтаж отбасыларға бөліп беруді қатаң тапсырған еді. Президенттің қатқыл сөзінен соң «Бәйтерек» ұлттық холдингі ендігі жерде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» басшыларына, олардың отбасы мүшелеріне, туыстарына мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алуға тыйым салды. Ал үлкен жанжалмен қызметінен кеткен Нұрбибі Наурызбаеваның орнына «Бәйтерек» ұлттық холдингінде атқарушы директор болған Айбатыр Жұмағұлов тағайындалды.