1,2 млн шаршы мерт үй салу туралы келісім бекітті. Бұл туралы банк басқарма төрағасының орынбасары Ербол Қарашөкеев мәлім етті.
«Қазір «Барлық санаттағы тұрғындарға арналған» бағыт бойынша 157 нысандық келісім бекітілді. Сол келісімдер негізінде 228 тұрғын үй салу жоспарланған. Бұл 1 млн 180 мың шаршы метр тұрғын үй деген сөз. Оның 622 мың шаршы метрге жуығы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін 350 мың шаршы метрі қолданысқа енеді», - деді ол.
Жалпы, 2014 жылдың 1-қазанындағы мәліметтерге қарағанда, Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі 1 трлн 284 млрд теңгеге тұрғынүйқұрылыс жинағы туралы 595 мың 938 келісімшарт бекітті.
Е.Қарашөкеевтің айтуынша, банк жұмысы басталғалы бері 270 млрд 78 млн теңгелік 72 мың 120 заем берген. Оның 104 млрд 266 млн теңгесі мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша берілді.