Түрік әншісінің орындауындағы «Қамажай» әні қазақстандықтарды таңғалдырды (ВИДЕО)

Сюмер Изгюдің сахнадағы орындауы алдымен YouTube арқылы танылып, кейін «Қамажай» Facebook желісінде жарияланды. Аранжировкада өңделген әннің тамаша шыққаны соншалық, көптеген қазақстандықтар өздерінің халық әндерін қайта танығандай болды.
Сюмер Изгю - аты әлемге әйгілі әнші. Оның концерттері Германия, Италия, АҚШ, Бельгия және Швеция елдерінде жиі өтіп тұрады. «Өнер иесінің Қазақстандағы фанаттары әртісті елге қонаққа шақыруды талап етіп отыр», - деп атап өтті басылым.