"Түркия басқа елдерге қарағанда тек энергетика саласына ғана мән беріп қоймай, Қазақстан экономикасын әртараптандыруға және жұмыспен қамтуды арттыруға көмектесуде. Жұмыспен қамтуға көбірек үлес қосқысы келетін біздің компанияларымызға қолдау білдіретініңізге сенімдімін", - деді Ердоған Ақордада өткен шағын құрамдағы кездесуден кейін.
Түркия басшысы қонақжайлылық үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және барша қазақ бауырларына өз алғысын білдірді.
"Жаңа ғана өткізілген оңаша кездесуде қарым-қатынасымыздың барлық аспектілерін аймақтық және жаһандық өзекті мәселелер бойынша пікір алмастық. Ынтымақтастығымызды барлық салада одан әрі нығайтуға келістік. Қазақстандағы инвестиция көлемін назар аударарлықтай деңгейге көтеріп, 4,3 млрд долларға жеткіздік", - деп атап көрсетті Ердоған.
Оның айтуынша, екі елдің сауда айналымын қысқа мерзімде 5 млрд долларға, ал орта мерзімде 10 млрд долларға жеткізу мақсаты тұр.
"Былтыр 58 пайыздық өсумен бастапқыдағы нысанамызды біз еңсердік", - деді ол.