Түрік компаниясының сальмонеллез жұқтырған қызметкерлері бір-екі күнде ауруханадан шығып жұмысқа кіріседі - денсаулық сақтау министрі

"Бүгінде зардап шеккендердің денсаулық ахуалы тұрақтанды, науқастардың бәрі де ауруханадан шығарылуға тиіс, алдағы бір-екі күнде олар жұмысқа кіріседі",- деді А.Дерновой.

Министр осы орайда "Атырауда болған оқыс оқиға салдарынан Түркияның "Гате Иншаат" АҚ құрылыс компаниясының 497 жұмысшысы сальмонеллез жұқтырғанын, олардың бәрі де 27-сәуірде зауыт асханасында тамақтанғанын" еске сала кетті.

"Аурудың таралу себептеріне келсек, осынау түрік компаниясының тамақ жасайтын бөлімінде жұмыс істейтіндердің арасында сальмонеллез дертінің қоздырғышын таратушы болған, ол азық-түлік өнімдерімен тікелей жұмыс істеуге байланысты тамақты пісіру мен тарату барысында індеттің жаппай жұғуына себепкер болған",- деді министр. "Зертханалық мәліметтерге негізделген алдын-ала тексеру қорытындысы көрсеткендей, жұқпалы дерттің таралу көзі - асхана мен кухня қызметкерлері болғаны дәлелденді", деді ол.

А.Дерновойдың айтуынша, "жұқпалы дерт белең алған алғашқы тәулікте денсаулық сақтау министрлігі мен республикалық санитарлық-эпидемилогиялық станциядан құрылған арнаулы комиссия тексерулерге аттанған". "Қазір тексерулер жалғасып жатыр. Біз осындай ауқымды ұжымдарда санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау шараларының талабы сақталуына қойылатын бақылауды күшейтуге қадамдар жасап жатырмыз",- деді министр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті