Тәртіп сақшыларымен қақтығыс Измир қаласында болды.
Бұрын хабарланғандай, 13 мамыр күні Маниса провинциясындағы Сома қаласындағы көмір шахтасында апат орын алған болатын. Қайтыс болғандар саны 282 адамға жетті.
Түркия мемлекеттік сектор қызметкерлерінің кәсіподақ конфедерациясы бүгін осы апатқа байланысты жаппай акция өткізуді жақтаған болатын.