Қазақстандық студенттер Халықаралық көрме күнінің қонақтарына имидждік материалдар таратты, қазақтың ұлттық тағамдарының дәмін татырды, сонымен қатар қазақстандық композиторлардың әуендерін орындады.
Сондай-ақ, бұл күндері Анталья қаласында Анкара, Ыстамбұл, Кастамонудағы оқу орындарында білім алатын қазақстандық студенттердің съезі өтті. Түркиядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен 120-дан астам қазақстандық студент ЭКСПО-2016 көрмесіне тегін барды.
Съезд аяқталған соң студенттер Түркияның өзге қалаларында оқитын отандастарымен қарым-қатынасты үзбеу жолындағы мұндай шаралардың маңызы зор екенін атап өтті. Олар үнемі осындай кездесулерді өткізіп отыру жөнінде уағдаласты.