Түрікмен ақыны Мақтымқұлының шығармалары қазақ тілінде қайта жарық көреді

Кездесу барысында негізінен бауырлас екі елдің мәдени  мұраларын жаңғырту  мәселелері сөз болды.

Бұл туралы Түркі академиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, екі тарап түрікмендік ойшыл-ақын Мақтымқұлының 290 жылдығына орай алда ұйымдастырылатын дөңгелек үстел жайын сөз етті. Бұл шараның  екі ел үшін де маңызы ерекше болмақ.

Мақтымқұлы поэзиясы түрікмен халқымен тарихы, тілі, мәдениеті мен діні ортақ қазақ халқына етене жақын.  Оның  өлеңдерінен  түрікмендердің ар-намыс, сабыр, шүкіршілік, тәуекел, мәрттік, жомарттық, туралық, адалдық, еңбекқорлық, табандылық сынды қасиеттерін байқауға болады. Мақтұмқұлының тілі - сол дәуірдегі халықтың тілі.

Кездесуде түрікмен кілемі, ахалтеке  жылқысы туралы мағлұматтарды  түркі антологиясына енгізу жайы да  сөз болды.


Алдағы уақыттарда Түркі академиясы ТМД-ның мәдени астанасы Мары қаласына арнайы экспедиция ұйымдастыруды жоспарлаған болатын. Бұл тақырып та талқылау барысынан тыс қалмады.