Түрікменстан елшісі сенат спикерімен кездесті

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында Қазақстан мен Түрікменстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Қ.Тоқаев екі ел арасындағы "қарым-қатынастардың нығая түскенін, екіжақты әріптестік тұрғысындағы қатынастарға мемлекет басшыларының кездесулерінде қол жеткен уағдаластықтар тың серпін бергенін" атап өтті.

Сенат төрағасы Қазақстан мен Түрікменстан елдері арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін түрікмен елшісіне алғысын білдіріп, парламент сенатының Құрмет грамотасымен марапаттады.