TDH ақпаратына сәйкес, газ құбырының бағытын зерттеу нәтижесі бойынша есеп дайындалған. Зерттеу жұмыстарының барысында алынған ақпарат газ құбырын тарту жөніндегі тендірлік құжаттамаға қамтылады. Сондай-ақ, жер бөлу жөніндегі құжаттар қоржыны дайындалуда. Жүргізілген концепциялық зерттеулер мен алдын-ала инженерлік жобалау негізінде үлкен диаметрлі құбырлар мен қажетті жабдықтарды сатушыларды іріктеу мақсатындағы байқаулар өткізіледі.