Атап айтқанда, мемлекет басшысы Конституция заңның жоғарылығының, азаматтардың құқықтары мен еркіндігінің сақталуының, елдің әрі қарайғы дамуының кепілі деп мәлімдеді. Оның айтуынша, елдегі жүргізіліп жатқан реформалар құқықтық институттар қызметінің жетілдірілуін, жаңа заңдардың тез арада қабылдануын және олардың өмірге тезірек араластырылуын қажет етеді.
Ол сондай-ақ, Түрікменстан Конституциясы қабылданғалы бері 16 жыл өткенін атап өтті. Осы уақыт ішінде елде 4 рет конституциялық реформа жасалған: 1995, 1999, 2003 және 2006 жылдары. "Осы реформалардың әрқайсысының тарихи маңызы бар және өз уақытының маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге ықпал етті", - деді Г. Бердымухаммедов.
Президенттің айтуынша, бүгінгі таңда Конституцияның кейбір баптары мен ережелері ескірген, "өмір ағымынан қалыс қалған және, тіпті, елдің алға жылжуына бөгет бола бастаған". Осы себепті мемлекеттің маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге жаңа көзқарас жасау қажеттігі туған. Оның ішінде бұдан да нақтырақ құқықтық ережелерді анықтау және бірінші кезекте Түрікменстанның жоғарғы билік органдарының қызметін жетілдіру бойынша шараларды қабылдау да бар.
Г. Бердымухаммедов Әділет министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік министрлігіне, Жоғарғы сотқа, Бас прокуратураға, Түрікменстан президенті жанындағы Мемлекет пен құқық институтына және Түрікменстан президенті жанындағы Ұлттық демократия және адам құқықтары институтына қысқа мерзімде Түрікменстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар даярлау бойынша жұмыс тобын құруды тапсырды. Осы мәселе төңірегіндегі өз ұсыныстарын халық шаруашылық салалары, қоғамдық бірлестіктер, облыстық, аудандық және қалалық әкімшіліктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жолдай алады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық ұсыныстар меджлисте таныстырылмақ. Ел парламенті осы ұсыныстарды жинақтап, 2008 жылдың 1 шілдесіне дейін Конституциялық комиссияның талқылауына тапсыруы тиіс депутаттардан, ғалымдар мен мамандардан тұратын жұмыс тобын құруы керек.
Конституцияның жаңа мәтінінің соңғы нұсқасы қыркүйек айына белгіленген Халык маслахатының кезектен тыс отырысында қаралатын болады.