Түрікменстан мен Әзербайжан президенттері Бакуде келіссөздер жүргізеді

Екі елдің көшбасшысы екі жақты ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелерін, соның ішінде энергетика жайын талқылайды. Мұнайгаз саласында бірлескен барлау жұмыстарын жүргізу, Түрікменстан мен Әзербайжанның теңіздегі кеніштерінің инфрақұрылымдарын біріктіру туралы да талқыланбақ.

Түрікменстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тәуелсіздік жылдарында Ашхабад пен Баку мемлекетаралық, үкіметаралық және мекемеаралдық деңгейде 33 екі жақты құжатқа қол қойды. 2007 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы $98,1 млн құрады.