Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар барысында екі ел арасындағы қатынастардың бірқатар даму мәселелерін талқылау жоспарланып отыр. Оның ішінде, Түрікменстан - Әзербайжан - Түркия - Еуропа Транскаспий газ құбыры да бар.
Келіссөздерде президенттер Гурбангулы Бердімұхамедов пен Ильхам Алиев энергетикалық саладағы ынтымақтастықтың шарттарын талқылайды. Мәселе мұнай-газ саласының бірлескен барлау жұмыстарын өткізу жайлы, сондай-ақ, Түрікменстан мен Әзербайжанның теңіз кеніштерінің инфрақұрылымын біріктіру туралы болмақ.
Екі жақ Каспий теңізінде екі елдің мұнай-газ құбырларын түйістіру мәселесін талқылаулары мүмкін. Егер бұл жоба жүзеге асырыла қалса, Түрікменстанға Әзербайжан - Грузия - Түркия бағытымен Еуропаға газ тасымалдауға мүмкіндік тумақ.
Сонымен қатар, түркімен-әзербайжан комиссиясы су астындағы кабельмен екі елді байланыстыру мәселесін талқыға салмақ. Ол кабельмен электр энергиясының тасымалы жүзеге асырылуы ықтимал. Бұл осы мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруда айтарлықтай орынға ие болары сөзсіз.