Түрікменстанда министрлік қызметкерлеріне көше тазалау жұмысы ұсынылды

Оларға жұмыстан шығу немесе босаған көше тазалаушысының орнына тұру таңдауы берілген. Екі мекеменің көптеген бухгалтері, қаржыгер, инженерлі-техникалық жұмысшылары осы ұсынысты қабылдап енді Түрікменстан астанасының көшесін тазаламақ. 

Мұның алдында көптеген мекеменің басшылары Ашхабатқа өзге аймақтардан келіп жұмыс істейтін уақытша тіркеуде тұрғандарды жұмыстан бостақан болатын. Соның есесінен қазір қалада көше тазалаушылар жетіспейтін көрінеді. Жұмыстан босатылғандардың басым көпшілігі әйелдер екен. Жатақханада тұрғандардың барлығы шығарылып, уақытша тіркеуі жойылған.

Мемлекеттік ұйымдардағы жаппай жұмыстан қысқарту бюджет шығындарын төмендету мақсатында жасалып жатыр.