Түрікменстанда республика парламентінің депутаттығынан үміткерлердің атын ұсыну науқаны басталды

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, үшінші шақырылатын республика парламентінің (меджлис) сайлауы биыл 19-желтоқсанда баламалы негізде жүргізіледі. Сайлауды мемлекет заңнамаларына сәйкес жүзеге асыру үшін республиканың барлық бес велаяты мен Ашхабад қаласында 50 сайлау округі мен 1610 сайлау учаскесі құрылған. Парламенттің депутаты болып сайлау өткізілетін сәтте 25 жасқа толған және республикада 10 жылдан кем емес тұрған кез-келген Түрікменстан азаматы сайлана алады.

Түрікменстан мемлекеттік жаңалықтар қызметі таратқан орталық БАҚ-тардың түсініктемесіне сәйкес, "меджлис депутаттарының кезекті сайлауы қоғамдық-саяси жаңартуларды тереңдету жолын бұлтарыссыз таңдап ілгерілей түскен қазіргі заманғы Түрікменстан қорғамының азаматтық кемелдігін кезекті мәрте паш етуге, Түрікменстан халқының гүлденуі үшін мемлекеттік егемендік негіздерін нығайтуға бағытталған төтенше маңызды оқиға болмақ".