Түрікменстанда ұнды темірмен және фолий қышқылымен байытатын болады

БҰҰ-ның жаңалықтар орталығының хабарлауынша, Түрікменстан үкіметі балалардың дамуын қамтамасыз ету жөніндегі өз міндеттемесі аясында ұнды байытуға қатысты жобаны қаржыландыруға дайын екенін мәлімдеген. Билік ЮНИСЕФ-пен жоғары және бірінші сұрыпты ұнға қосылатын азықтық микроэлементтерді сатып алу ісінде ынтымақтастық орнатпақшы.

БҰҰ-ның жаңалықтар орталығының хабарлауынша, бұл жоба бала туатын жастағы әйелдер мен жас нәрестелердің басты өлім себебі болып табылатын балалар арасындағы темір тапшылығы деңгейін төмендетуге бағытталған. Адам ағзасындағы темір тапшылығы олардың ақылы мен денелей дамуын тежейді.

Ұнды байыту бағдарламасы Түрікменстан мен ЮНИСЕФ-тің балалардың денсаулығы мен жырғаулы өмірін қамтамасыз ету ісіндегі тиімді ынтымақтастығына бір мысал бола алады. 2001 жылдан бері үкімет балалар қорының барлық вакцина сатып алу шараларын қаржыландырды. 2004 жылы елде барлық тұз түрлерін йодпен байыту іске асырылды.