Түрікменстандағы кезекті парламент сайлауы 19-желтоқсанға белгіленді

Тағы бір қаулымен Түрікменстанда референдумдар мен сайлаулар өткізу жөніндегі Орталық комиссияның құрамы бекітілді. Комиссияны ел президентінің жанындағы дін істері жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Мұрат Каррыев басқарады.

Түрікменстан парламенті - меджилис құрамында аумақтық округтер бойынша 5 жылға сайланатын 50 депутат бар. 1999-жылдың 12-желтоқсанында өткен республиканың заң шығарушы органының сайлауында бір мандатты 50 округте 104 үміткер тіркелді.
Ал алдағы жарты жылда Орталық Азия аймағындағы тағы үш республикада парламент сайлауы өтеді. Қазақстан парламентінің төменгі палатасы депутаттарының сайлауы 19-қыркүйекке, Өзбекстан парламентшілерінің сайлауы желтоқсанға, Қырғызстан парламенті депутаттарының сайлауы 2005-жылғы ақпан айына белгіленген.