"Ұлы Түрікменбашы қайтыс болды",-деді мемлекеттік телевидениенің жүргізушісі.
Телеарнаның хабарлауынша, С.Ниязовтың жүрегі кенеттен тоқтап қайтыс болған.
Сәл ертерек ресейлік БАҚ бейресми ақпарат көздеріне сілтеме жасап, Түрікменбашы бейсенбі күні таңертең көз жұмды, деп хабарлаған еді. Астанадағы Түрікменстан елшілігі қандай да бір түсінік беруден бас тартты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті