Туристерді тақырға отырғызған «Гүлнар турға» қатысты қылмыстық іс қозғалды


Бірақ сәуірден бері демалысының шырқы бұзылып, әуежайларда тосылғандар саны шамамен 500-600-ге жуықтап қалады. Бұл аздай, теңіз жағасына барып, кейін кері қайта алмай қалған 400-ге жуық турист тағы бар. Ал Сыртқы істар министрлігі аталған компанияны лицензиядан айыру туралы Үкіметке өтініш жолдаған болатын. Бейресми ақпаратқа қарағанда, «Гүлнар тур» өткен жылдың қараша айында-ақ банкрот болған көрінеді. Бірақ мұнысын ешкімге білдірмей, әдеттегі жұмысын жалғастыруды ұйғарған екен. Қазір оның бас кеңсесі жабық. Басшыларының да қайда екені беймәлім.