Туристік операторларға жолдама сатуға тиым салынуы мүмкін


Осылайша, министрлік жолаушыларды жылдағы сергелдеңнен құтқармақ. Себебі жуырда  Астана, Алматы, Ақтөбе және Өскеменде  шет елге  тынығуға ұшпақ  болған жүздеген турист әуежайдан ары аса алмай сонда тәуліктеп түнеп қалған еді. Өйткені туроператорлар  жолаушыларды демалыс орнына  жеткізетін әуе компанияларымен келісімшартқа отырмай билет сатқан.  Зардабын қарапайым халық тартып  жоспарлаған демалысы үзілді. Енді Көлік министрлігі туристік операторлар ұшақ мәселесін шешпейінше, билет сатуларына заң жүзінде тыйым салмақ ойда.