Қауымдастық төрйымының пікірінше, министрлік авиация саласын, әуе тасымалын, чартерлік бағдарламаларды ұйымдастыруды, туристік рыноктағы қызмет көрсету сапасын, туристік іс-қызметке лицензия беру және баға белгілеуді үйлестіре алар еді.
"Мәселен, қонақүй бизнесінің мемлекеттік үйлестіру аясынан мүлдем тысқары қалуы салдарынан Алматыда қонақүйдің бір бөлмесі Франциядағыдан да қымбат тұрады",- деді Н.Қайсенова. Сонымен бірге қауымдастық төрйымының пікірінше, туризм министрлігі туристік компанияларды ашуға лицензия бере алады.
Туристік ұйымдардың "Дәрмен" қауымдастығы Қазақстанда туризмді дамытуға және туристік іс-қызмет саласындағы заңнаманы жаңалауға қатысты ұсыныстарын үкіметке, индустрия және сауда министрлігі мен Қазақстанның азаматтық авиация комитетіне жолдады.
Сонымен бірге Қазақстандағы туристік ұйымдардың ІІІ сьезі барысында ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігіне туристік қызмет саласындағы әділетті бәсекелестіктің сақталуына, баға демпингіне және әуе тасымалы саласында бәсекелі ортаны сақтауға бақылауды күшейту жөнінде мәлімдеме жолдады.
Туристік үйымдардың кезекті сьезі 2006-жылғы көктемде, кезекті туристік маусым басталар алдында өтеді деп күтілуде.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті