Түркі дүниесіне ортақ өнер фестивалі Сыр бойында «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атауымен өтеді


«Тұран және түркі әлемі» атты Сыр елі қолөнер шеберлерінің этно-археологиялық көрмесінен бастау алады. Фестиваль  аясында фольклортанушы-ғалымдардың, өнер зерттеушілері мен фестиваль қонақтарының қатысуымен  «Қорқыт Ата мұралары - түркі халықтарының рухани қазынасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциямен жалғасады. Сондай-ақ, түркі тілдес елдер мен қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт өтеді.  

Түркі дүниесіне ортақ айтулы өнер мерекесіне Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Молдова елдерінен, Ресей Федерациясының Татарстан, Алтай, Якутия, Хакасия, Башқұртстан республикаларынан 29 әйгілі ғалымдар, фольклортанушылар, өнер зерттеушілері және 36 өнерпаздар мен өнер ұжымдары қатысады деп жоспарлануда.