Түркіменстан басшысы Румыниялық серіктестеріне Түркіменбашы қаласындағы теңіз портын жөндеуге қатысуға шақырды

ТДН ақпаратына сүйенсек, Г. Бердымухаммедов румын серіктестеріне темір жолдарды салу мен тас жолдарды төсеуге, Түркіменбашы қаласындағы теңіз портын жөндеуге және құралдар жеткізіп беруге қатысуға шақырған.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екі мемлекет басшылары бірқатар құжаттарға қол қойған.