"Түркіменстанның сыртқы саясатындағы негізгі басымдықтардың бірі барлық мемлекеттермен, әсіресе, ТМД елдерімен екіжақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Бұл ретте талқыланатын проблемалар мен шешілетін тапсырмаларға байланысты кеңейтілген форматтағы өзара іс-қимыл да жоққа шығарылмайды", - деп мәлімдеді Гурбангулы Бердімұхамедов.
Түркіменстан басшысы соңғы уақыттардағы Түркіменстанның ТМД елдерімен қатынасы жоғары деңгейге жеткенін жеткізді. Оған негізінен ТМД аясындағы саммиттер, ресми кездесулер және басқа да әртүрлі деңгейлердегі шаралар ықпал етіп отыр.
Осыған байланысты ХІІ Петербург халықаралық экономикалық форумын ұйымдастырушылар мен оның қатысушыларына сәттілік тілей отырып Гурбангулы Бердімұхамедов 2009 жылы Ашхабад қаласында ТМД елдерінің ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерінің саммитін өткізуге ұсыныс білдірді.