Түркіменстан Қазақстанмен шекараны уақытша жапты

Түркіменстан республикаға оңтайланған режимде кіретін шетел азаматтары үшін 29 мамырға дейін шекараны жапты, деп хабарлайды Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің баспасөз қызметі.  

"Көрші республика басшысының шекарамен шектес аудандарына баруына байланысты Түркіменстан шекарасында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 29 мамырына дейін республикаға оңтайланған режимде кіретін шетел азаматтары үшін кіруге тыйым салынады", — делінген хабарламада. 


Бұрын жасалған келіссөздерге сәйкес, Маңғыстау облысында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары Түркіменстанның Балкан велаятына бес тәулікке дейінгі мерзімге визасыз кіріп шыға алады.