Түркіменстанда аспирантураға қабылдау басталды

"Азия-Плюс" ақпарат агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, ішінде тиісті мамандықтардың тізімі де бар елдің бірқатар жоғарғы оқу орындары және ғылыми мекемелері бойынша аспирантураға қабылдау тәртібі кеше Түркіменстанның орталық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған.

Түркіменстанның жоғарғы оқу орындары мен ғылыми мекемелерінің аспирантурасына конкурстық негізде жоғары білімі және 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар, өзі таңдаған ғылым саласындағы ғылыми зерттеулерге қабілетін көрсеткен тұлғалар қабылданады.

Медицина мамандықтарына (оған да конкурстық негізде) клиникалық ординатураны толығымен өтеген және денсаулық сақтау саласында кем дегенде 3 жыл жұмыс істеген немесе 5 жылдық жұмыс тәжірибесі бар, алайда клиникалық ординатурадан өтпеген тұлғалар қабылданады. Сондай-ақ, тиісті құжаттардың тізімі мен тапсыру тәртібі анықталған.

Атап айтқанда, аспирантураға қабылдау жайында Махтумкули атындағы Түркімен мемлекеттік университеті, Түркімен политехникалық университеті, Түркімен халық шаруашылық институты, Түркімен мемлекеттік көлік және байланыс институты, Сейітназар Сейди атындағы Түркімен мемлекеттік педагогикалық институты, Түркімен мемлекеттік медициналық институты, Ана мен бала денсаулығын сақтау ғылыми-клиникалық орталығы, Онкология ғылыми-клиникалық орталығы, Кардиологиялық ғылыми-клиникалық орталығы бар аурухана, Түркімен ұлттық дәрі-дәрмек институты, Сейсмология ғылыми-зерттеу институты, С. Ниязов атындағы Түркімен ауыл шаруашылық университеті, Ұлттық туризм және спорт институты, Түркімен ұлттық консерваториясы, Ұлттық шөл дала, жануарлар және өсімдіктер әлемі институты жариялады.

Сондай-ақ, аспирантураға қабылдау жайында Махтумкули атындағы Тіл және әдебиет инситуты, "Гюн" ғылыми-өндірістік бірлестігі (Түркіменстан президенті жанындағы ғылым мен техниканың жоғарғы кеңесі), Түркіменстан президенті жанындағы Түркіменстан, Орта Азия және Шығыс халықтарының мемлекеттік мәдени мұра институты, Түркіменстан министрлер кабинеті жанындағы тарих институты жариялады. Тізімде сондай-ақ, Түркіменстанның стратегиялық жоспарлау және экономикалық даму ұлттық институты, Химия институты ("Түркіменхимия" мемлекеттік концерні), Мал шаруашылығы және мал дәрігерлігі ғылыми-зерттеу институты (Түркіменстанның мал шаруашылығы акционерлік қоғамдарының қауымдастығы) бар.

"Азия-Плюс" хабарлағандай, 2007 жылдың маусым айында ұлттық ғылымды реформалау мақсатында Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов "Түркіменстан Ғылым академиясының қызметі туралы" және Түркіменстанның ғылыми жүйесін жетілдіру туралы" қаулыларға қол қойды. Ал үстіміздегі жылдың қаңтар айында ел президенті кәсіби деңгейі жоғары ғылыми кадрларды дайындауға бағытталған, әрі ғылыми зерттеулерді мемлекеттік қолдауды қарастыратын арнайы қаулы қабылдаған. Бұл қаулыда тиісті ережелер, 2008 жылғы аспирантураға, докторантураға және клиникалық ординатураға қабылдау тізімі, сондай-ақ, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтардың бірыңғай тізімі бекітілген.