Түркіменстанда "Гюленмен байланысы бар" делініп 30-дан астам адам сотталды

Азаттықтың түркімен қызметінің дереккөзіне қарағанда, Ахал облыстық сотында үкім шығарылған адамдардың дені бұрын түркімен-түрік лицейлерінде мұғалім болып жұмыс істегендер. Осының алдында «Хизмет» ұйымымен байланысы бар делініп, мұғалімдер мен кәсіпкерлер жаппай тұтқындалып жатқаны хабарланған.

Дереккөздің хабарлауынша, Ахал облыстық соты 8-9 ақпанда 30-дан астам адамға үкім шығарған. "Олардың көбі тергеу кезінде зорлық-зомбылыққа тап болған. Сол үшін сотталған мұғалімдерді Байрамали абақтысына жіберді», - дейді дереккөз.

Осының алдында Ашхабадтағы «Мердем» және «АлпЭт» мейрамханаларының қожайыны Ресул Атагелдиев пен «А-Маркет» дүкендер желісінің иесі Дәулет Атаев ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылғаны хабарланған. Бірақ 8-9 ақпанда болған сот отырысында оларды қайтадан соттағаны не апелляциялық шағымды қарағаны белгісіз.