Түркіменстанда Халықаралық есірткіні асыра пайдалануға қарсы күрес күніне арналған апталық басталды

Есірткімен күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет таратқан хабарламада айтылғандай, теңіз порттарындағы есіртікінің заңсыз айналымымен күрес проблемалары жөніндегі халықаралық жиналыс осы аптаның басты оқиғаларының бірі болады. Жиналысқа Каспий жағалауы мемлекеттері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Сонымен қатар, 24 мамырда Ашхабадта Париж пактісінің бастамасымен өткізілетін форум өз жұмысын бастайды.