Түркіменстанда студент қыздарға тек ұшақпен қатынау талап етілуде

"Декан бізбен әңгімелесіп, енді үйге немесе туысқандарға барғанда тек қана ұшақты пайдалану керектігін ескертіп айтты. Әсіресе қыздар. Оларға таксиге немесе көліктің басқа да түрлерін пайдалануға болмайды. Демалыс аяқталған соң деканатқа авиабилеттер тапсыруымыз керек", - 20 жастағы түркіменстандық студент қыз.

Студенттердің сөзіне қарағанда, шенеуніктер студенттерге шешімді жоғарғы жақтан қабылданды деп түсіндірген. Жаңа талаптар ата-аналары елдің басқа да аймақтарында тұратын студенттер үшін қиынға соғып отыр.

Студенттер елдегі әуе рейстері жолаушылар талаптарына жауап бермейтіндігін айтты. Түркіменстанда Дашоғыз және Балқан облыстарының арасында, Балқаннан Мары қаласына дейін, Лебап пен Дашоғыз облыстары арасында әуе рейстері аптасы бір-ақ рет ұшады, ішкі әуе рейстерінің билеттерін кем дегенде жарты ай бұрын сатып алу керек.


Түркіменстанда студент қыздарға басқа да тыйымдар бар. Мысалы, қыздарға автокөлік жүргузуге немесе демалыс күндері жатақханадан арнайы рұқсатсыз кетуге тыйым салынған.