Түркіменстандық Дашогузда президенттің келуіне орай барлық облыстардан малды іріктеп әкелген

Осыған дейін мемлекет басшысы Рухыбелент ауданындағы «Алтын асыр» шаруа бірлестігінің шопандарымен кездеседі деп күтілген. Кездесу қарсаңында барлық аймақтардан мүйізді ұсақ малды іріктеп әкелген.

Тәуелсіз «Хроника Туркменистана» басылымының редакторы Фарида Тухбатуллинаның айтуынша, бұл шара «елдің мал шаруашылығындағы жетістіктерді жарнамалау» үшін жасалған.

Басылым сырттан әкелген малға алдын ала жем дайындалмағанын, оларға суды көлікпен тасып әкеліп жатқанын жазған.


Жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, малды іріктеуге жергілікті мал дәрігерлері қатысқан.