Түркіменстанның ішкі істер министрлігі мал шаруашылығымен айналысады

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, мал шауаршылығы ІІМ-нің қажеттіліктерін орындауға көмектеседі. Одан алынатын ет-сүт өнімдері ішкі нарыққа шығарылатын болады. Бұл алдағы уақытта өзге әскери және құқық қорғау құрылымдарына сабақ болатын алғашқы ірі жоба деп атап өткен жергілікті БАҚ.

Фермада ірі қара мал, түйе, қой, қоян, түйеқұс, тауық бар.

Мұнда сонымен бірге тігін цехы жұмыс істейді екен. ІІМ қызметкерлеріне арнап киімді өздері тігетін болады.


Ферманың ашылу салтанаты кезінде түркімен президенті Әділхан деп аталатын ақалтеке жылқысын сыйға тартты.