Барлық жолаушылар медициналық көмекке мұқтаж болған. Қазіргі таңда полиция бұл іске қатысты тексеру жүргізіп жатыр.
Жол апаты таңғы 6.30-да Алматы-Ташкент-Термез тас жолының 649-шы шақырымында болды. Жолаушы автобус аударылып кетті. Полиция мен төтенше жағдайлар қызметкерлері жолаушыларға автобустан шығуға көмектесті. Оларға психологиялық және басқа да қажетті көмек көрсетілді.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам - жүргізуші мен жолаушы ауруханаға жеткізілді. Қалған 19 жолаушы, оның ішінде екі жүкті әйел, Сайрам, Түлкібас аудандары мен Шымкент қаласының ауруханаларына медициналық көмекке жүгінді.
"Алдын-ала мәліметтер бойынша, ауа-райының қолайсыздығы апатқа себеп болуы мүмкін. 21 адам мінген жолаушылар автобусы Сарыағаш ауданына бет алды. Жолда жүргізуші рульді басқара алмай, оң жағындағы арыққа құлаған", - деп хабарлайды Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта оқиға орнында облыстық полиция басқармасының тергеушілері жұмыс істеуде. Бұл факт Түлкібас ТЖБ-да тіркелген. Қылмыстық кодекстің 345-бабы «Жол қозғалысы ережелерін бұзу және көлік құралдарын пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның барлық жағдайлары анықталған.