Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, Таукент ауылында бес қабатты тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған бала 5-қабаттың терезесінен құлаған. 2018 жылы туған үй иесінің ұлы сол жерде қайтыс болды.
ТЖМ ата-аналарды сақ болуға шақырды.
Айта кетейік, 8 маусымда Жезқазғандағы бес қабатты тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2021 жылы туған бала 3-қабаттың терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылған.