Түркістан облысында бес жасар қызды өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Айыпталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Оған химиялық кастрация жасалады, оған қоса моральдық шығынды өтейді.

13 шілдеде Түркістан облысының Сарыағаш ауданында зорлық-зомбылықпен өлтірілген бес жасар қыздың мәйіті табылды. Сол күні полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен Г. есімді ауыл тұрғынын ұстады.