Бұл туралы желі оқырманы Асхат Қасенғали Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Түркістан облысы, Ақсукент ауылында болған өртте жас жігіт еліміздің туын жанып кетуден сақтап қалыпты", - деп жазды ол.
Видеода шатыры көк түтінге оранған ғимарат үстінде әлдебір жігіттің туды аман алып қалу үшін орнынан бостауға тырысып жатыр. Көп ұзамай жалауды өрттен қорғап, жердегі біреудің біріне беріп жатқанын көруге болады.
Көпшілік жігіттің бұл ісіне, мемлекеттік туға деген құрметіне разы болды.