Түркістан облысында карантин күшейтілді

Шешімге сәйкес, қаулы 65 жастан асқан адамдарға көшеге шығуға шектеу қояды және он төрт жасқа толмаған балалардың ата-анасыз жүруіне тыйым салынады. Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан көп жиналуға болмайды.

"Азаматтардың саябақтарда, алаңдарда, скверлерде, жағалауларда жүруіне тыйым салу. Қоғамдық орындардың: саябақтардың, алаңдардың, скверлердің, жағалаулардың, субұрқақтардың және азаматтардың басқа да демалыс орындарының жұмысын тоқтату шаралары жүргізіледі", - делінген құжатта.

Сонымен қатар, аптаның алты күні ішінде сағат 10-нан 17-ге дейін азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысы шектеледі. Аптаның жетінші күні санитарлық-дезинфекциялық шаралар жасау үшін олардың қызметі толығымен тоқтатылады. Сондай-ақ, 10-нан 17-ге дейін халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы шектеулі болады