Өңірдегі ауыл мектебінің мұғалімі оқушының денесінен көгерген жерлер мен соққылардың ізін көріп, полиция шақырған. Қазір қылмыстық іc қозғалды. Қыздың өгей анасы полицияға жеткізілді.
"Сорақы жағдай тіркелді - өгей анасы баланы ұрған, пышақ, қысқыштан алған жарақатының іздері бар. Істі ҚР Бас прокуратурасы, ІІМ, БҒМ өз бақылауына алды. Дерек бойынша егжей-тегжейлі тергеу болып жатыр", - деп хабарлады министрлік.
Түркістан облысының білім басқармасы баланың үйде азап шеккенін растады. Қазір қыз бала әжесімен тұрып жатыр.
Министр Күләш Шәмшидинованың тапсырмасымен бүгін министрдің кеңесшісі Раиса Шер Түркістан облысына аттанды.